ماڭعىستاۋدا حالىقارالىق اسكەري جاتتىعۋلار باستالدى

жаттығу
Фото: ҚР Қорғаныс Министрлігі Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі

اقتاۋ. KAZINFORM - اقتاۋعا «بىرلەستىك-2024» جەدەل-تاكتيكالىق كوماندالىق-شتابتىق وقۋ جاتتىعۋىنا قاتىساتىن قىرعىزستان، وزبەكستان، ازەربايجان جانە تاجىكستان ەلدەرىنىڭ اسكەري قىزمەتشىلەرى كەلدى.

قازاقستان رەسپۋبليكاسى قورعانىس مينيسترلىگى اقتاۋ گارنيزونى باسپا ءسوز قىزمەتىنىڭ حابارلاۋىنشا، ماڭعىستاۋعا ات باسىن تىرەگەن شەت ەلدىك اسكەريلەردىڭ ءبىر بولىگى اۋە كەمەسىمەن، ەندى ءبىر بولىگى كاسپي تەڭىزى ارقىلى كەلگەن.

жаттығу
Фото: ҚР Қорғаныс Министрлігі Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі

حالىقارالىق «بىرلەستىك-2024» جەدەل-تاكتيكالىق كوماندالىق-شتابتىق وقۋ جاتتىعۋى شىلدەنىڭ 8-17 ارالىعىندا وتەدى. جاۋىنگەرلىك مىندەتتەردى ورىنداۋ بويىنشا بىرىككەن ءىس-قيمىلدار «ويماشا» پوليگونىنىڭ اۋماعىندا سونداي-اق، قاراقيا اۋدانى توقماق مۇيىسىنەن ەكى شاقىرىم جەردەگى تەڭىز ۋچاسكەسىندە بولادى. وقۋ-جاتتىعۋ كەزىندە 5 ەلدىڭ اسكەري كونتينگەنتتەرى قارۋلى قاقتىعىستى وقشاۋلاۋ بويىنشا بىرلەسكەن وپەراتسيا دايىنداپ، جۇرگىزەدى. وعان 4 مىڭعا جۋىق اسكەري قىزمەتشى جانە 700 گە جۋىق قارۋ-جاراق پەن اسكەري تەحنيكا جۇمىلدىرىلماق.

әскери
Фото: ҚР Қорғаныс Министрлігі Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі
жаттығу
Фото: Маңғыстауда халықаралық әскери жаттығулар басталды АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтауға "Бірлестік-2024" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуына қатысатын Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Тәжікстан елдерінің әскери қызметшілері келді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстауға ат басын тіреген шет елдік әскерилердің бір бөлігі әуе кемесімен, енді бір бөлігі Каспий теңізі арқылы келген. Халықаралық "Бірлестік-2024" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы шілденің 8-17 аралығында өтеді. Жауынгерлік міндеттерді орындау бойынша біріккен іс-қимылдар "Оймаша" полигонының аумағында сондай - ақ, Қарақия ауданы Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жердегі теңіз учаскесінде болады. Оқу-жаттығу кезінде 5 елдің әскери контингенттері қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция дайындап, жүргізеді. Оған 4 мыңға жуық әскери қызметші және 700 ге жуық қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылмақ.
سوڭعى جاڭالىقتار
telegram