ءوزىن «قازاقپىن» دەپ جار سالعان كارىس قىزى ەلدى ءسۇيسىندىردى - كەسكىن

جەلىدە «قازاقپىن» دەپ جار سالىپ، قازاقتاردى ەرەكشە جاقسى كورەتىن كىشكەنتاي كارىس قىزىنىڭ ۆيدەوسى پايدا بولدى. ول اناسىنا ءوزىن قازاقپىن دەپ، ەلىمىزدىڭ ءانۇرانىن شىرقاپ بەردى.
Студент кезімде Света Ким деген Кәріс курстасым болды. Бір күні мен оған: "Қазақ xалқы қиын қыстау кезеңде қай ұлтты болмасын құшағын жайып қарсы алды. ҚАЗАҚСТАНда туып-өстің, Қызылордадағы кәріс ағайындарымыз қазақша қалай сөйлейді. Тіпті, мақалдатып сөйлегенде кейбір қазақтарды "сүріндіреді". Ақыры-ы-ы, аттарың орысша, фамилияларың кәрісше... Бізді бір мәз қылып бір-екі кәріс ағайындар қазақша есім қойса қайтеді екен?", дедім әзіл-шынын араластырып. Ол: "Аттарды да мағнасымен аударамыз ғой. Мысалы: Менің есімім кәрісше Биxь, орысша Светлана. Яғни, светлая, солнечная мағнасын береді." Мен: "Құдайым-ау, қазақта не көп синоним көп қой, сұрамайсың ба менен?! Жарқынай немесе Күншуақ өзің таңда. Бүгіннен бастап мен үшін сен Күншуақ Ким боласың, аллитерацияға да әдемі келіп тұр..." дедім. Әлгі Күншуағымды оншақты жылдан кейін көріп қалдым. "Сакеша, менің атым кім еді?" де-е-еп күйдіріп тұр. Мына тәтті балапан менің "эссемнің" тұздығы болып тұр екен. 😊🌎👼🏻👨👩👧👦🏡🌎📚🏇🍞🍯☀️