دەپ حابارلايدى «قازاقپارات» ح ا ا ءتىلشىسى.
«ون مىڭ ادامدىق زال لىق تولىپ، كورەرمەندەر كوتەرىڭكى كوڭىل- كۇيمەن كونسەرتكە ۇلكەن سەرپىن بەردى. بۇل كەشتە قازاق، حانزۋ، فرانسۋز، اعىلشىن تىلدەرىندەگى اندەر شىرقالدى. ديماشتىڭ ورىنداۋىنداعى شىعارمالاردى قىتاي، كانادا، امەريكا، رەسەي، ۋكراينالىق مۋزىكانتتاردان قۇرالعان وركەستر سۇيەمەلدەپ، بيشىلەر بيلەرىمەن ورنەكتەدى. كەش شىمىلدىعى قانات ايتبايەۆتىڭ سوزىنە جازىلعان ديماشتىڭ ءوزىنىڭ «سالەم» انىمەن اشىلىپ، ۇلىقپان جولداسوۆتىڭ اسقار دۇيسەنبىنىڭ سوزىنە جازىلعان «جۇلدىزىم» انىمەن جالعاستى»، - دەپ جازدى قانات ايتبايەۆ ينستاگرامدا.
كەشتە، سونىمەن قاتار، ايگۇل باجانوۆانىڭ «ماحاببات بەر ماعان» ءانىنىڭ حانزۋ تىلىندەگى نۇسقاسى، ورال بايسەڭگىردىڭ سوزىنە جازىلعان ديماشتىڭ «ۇمىتىلماس كۇن» اندەرى ورىندالىپ، تىڭدارماندار بىرگە قوسىلىپ شىرقاعان.
بۇدان بولەك، بەيجىڭ قالاسىنان كەلگەن شىعارماشىلىق توپ زامانۋي ساحنالىق بەزەندىرۋدىڭ، رەجيسسەرلىك وڭتايلى شەشىمدەردىڭ شەبەرلىگىن كورسەتە بىلگەن.
«قىتاي ەلىندەگى قازاق فولكلورلىق تريوسى قىتاي حالىقتىق تريوسىمەن بىرلەسە شىعارما ورىنداپ كونسەرتكە كورىك بەردى - دوستىق اۋەندەرىن توگىلتتى. ديماش ءوزىن رويالمەن سۇيەمەلدەي وتىرىپ ەستايدىڭ «قورلانىن» ورىندادى. ينتەرناتسيونالدىق وركەسترمەن بىرگە نۇرعيسانىڭ «ءالقيسساسىن»، قۇرمانعازىنىڭ «ادايىن» دومبىرامەن تارتتى. ديماشتىڭ جاقىندا جازىلعان «الەمدە سوعىس بولماسىن» اتتى ءتول تۋىندىسى قىتاي تىلىندە ورىندالىپ حالىقتى تەبىرەنتتى. كەش بويى كورەرمەندەردىڭ قوشەمەتى، ىقىلاسى ەرەكشە بولدى»، - دەپ جازدى ءانشىنىڭ اكەسى.
كونسەرتتە كروسسوۆەر، ەتنو، كلاسسيكا، پوپ باعىتىنداعى جالپى سانى وتىز ءبىر شىعارما ورىندالىپ، كەش شىمىلدىعى سايات ابەنوۆتىڭ سوزىنە جازىلعان ديماشتىڭ ءوزىنىڭ «ءتاتتى ەلەس» انىمەنەن جابىلدى.
فوتو vk.com/dimashkudaibergenovvk
16 желтоқсанда ҚХР ның Шаңша қаласында Димаштың жеке концерті болып өтті. Он мың адамдық зал лық толып, көрермендер көтеріңкі көңіл күймен концертке үлкен серпін берді. Бұл кеште қазақ, ханзу, франсуз, ағылшын тілдеріндегі əндер шырқалды. Димаштың орындауындағы шығармаларды Қытай, Канада, Америка, Ресей, Украиналық музыканттардан құралған оркестр сүйемелдеп, бишілер билерімен өрнектеді. Кеш шымылдығы Қанат Айтбаевтың сөзіне жазылған Димаштың өзінің "Сəлем" əнімен ашылып, Ұлықпан Жолдасовтың Асқар Дүйсенбінің сөзіне жазылған "Жұлдызым" əнімен жалғасты. Кеште сонымен қатар Айгүл Бажанованың "Махаббат бер маған" əнінің ханзу тіліндегі нұсқасы, Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған Димаштың " Ұмытылмас күн" əндері орындалып - тыңдармандар бірге қосылып шырқады. Бейжің қаласынан келген шығармашылық топ замануи сахналық безендірудің, режиссерлік оңтайлы шешімдердің шеберлігін көрсете білді. Қытай еліндегі қазақ фольклорлық триосы қытай халықтық триосымен бірлесе шығарма орындап концертке көрік берді - достық əуендерін төгілтті. Димаш өзін рояльмен сүйемелдей отырып Естайдың "Хорланын" орындады. Интернационалдық оркестрмен бірге Нұрғисаның "Əлқиссасын", Құрманғазының "Адайын" домбырамен тартты. Димаштың жақында жазылған "Əлемде соғыс болмасын" атты төл туындысы қытай тілінде орындалып халықты тебірентті. Кеш бойы көрермендердің қошеметі, ықыласы ерекше болды. Концертте кроссовер, этно, классика, поп бағытындағы жалпы саны отыз бір шығарма орындалып, кеш шымылдығы Саят Əбеновтың сөзіне жазылған Димаштың өзінің " Тəтті елес" əніменен жабылды. Қазақ баласының шет елдегі ауқымды концерті осылайша өз мəресіне жетті. "ДимашАли" шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев. Барлық фан топтарға РАХМЕТ!!! #Димаш #Dimash dears #Димаш Кудайберген #Димаш достар #Димаш салем #Димаш концерт
Публикация от Канат Айтбаев (@kanat_sveta_aitbayevtar) Дек 16 2017 в 2:07 PST