قارين: دىندەر ليدەرلەرى سەزى بەيبىتشىلىك پەن سەنىمدى نىعايتۋعا قىزمەت ەتۋى كەرەك

استانا. KAZINFORM - ۆيتسە-پرەزيدەنت ەرلان قارين الەمدىك جانە ءداستۇرلى دىندەر ليدەرلەرى سەزى حاتشىلىعىنىڭ XXIV وتىرىسىنا قاتىستى. بۇل تۋرالى اقوردانىڭ باسپا ءسوز قىزمەتى حابارلادى.

Авторитет Съезда лидеров мировых и традиционных религий определят его решения — Ерлан Карин
Фото: Акорда

استانادا قازاقستان رەسپۋبليكاسىنىڭ ۆيتسە-پرەزيدەنتى - الەمدىك جانە ءداستۇرلى دىندەر ليدەرلەرى سەزى حاتشىلىعىنىڭ باسشىسى ەرلان قاريننىڭ توراعالىعىمەن حاتشىلىقتىڭ XXIV وتىرىسى ءوتتى.

ونىڭ جۇمىسىنا 20 ەلدەن كەلگەن الەمدىك جانە ءداستۇرلى دىندەردىڭ، حالىقارالىق ۇيىمداردىڭ، سونداي-اق مەملەكەتتىك جانە قوعامدىق قۇرىلىمداردىڭ 30 دان استام بەدەلدى وكىلى قاتىستى.

ەرلان قارين بىرلىك پەن ىنتىماق، ەتنوسارالىق جانە كونفەسسياارالىق كەلىسىم، ادامدى قۇرمەتتەۋ سياقتى كونستيتۋتسيالىق قۇندىلىقتار قازاقستاننىڭ دامۋ باعدارىن ايقىندايتىن ماڭىزدى قاعيداتتار ەكەنىن، مۇنىڭ سەزد ميسسياسىمەن ۇندەسەتىنىن اتاپ ءوتتى. وسى ۇستانىمدارعا ارقا سۇيەي وتىرىپ، مەملەكەت باسشىسى قاسىم-جومارت توقايەۆتىڭ باسشىلىعىمەن ەلىمىز تەڭگەرىمدى جانە بەيبىت سيپاتتا دايەكتى سىرتقى ساياسات جۇرگىزىپ كەلەدى.

سەزد وسى جىلدار ىشىندە ءدىنارالىق ديالوگتىڭ بىرەگەي الاڭى رەتىندە قالىپتاستى. ونىڭ ارىپتەستىك جەلىسى كەڭەيىپ، ءدىني بىرلەستىكتەرمەن جانە حالىقارالىق ۇيىمدارمەن ىقپالداستىعى نىعايا ءتۇستى.

Вице-Президент Ерлан Қарин Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысына қатысты Астанада Қазақстан Республикасының Вице-Президенті — Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Ерлан Қариннің төрағалығымен Хатшылықтың XXIV отырысы өтті. Оның жұмысына 20 елден келген әлемдік және дәстүрлі діндердің, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың 30-дан астам беделді өкілі қатысты. Ерлан Қарин бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім, адамды құрметтеу сияқты конституциялық құндылықтар Қазақстанның даму бағдарын айқындайтын маңызды қағидаттар екенін, мұның Съезд миссиясымен үндесетінін атап өтті. Осы ұстанымдарға арқа сүйей отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен еліміз теңгерімді және бейбіт сипатта дәйекті сыртқы саясат жүргізіп келеді. Съезд осы жылдар ішінде дінаралық диалогтың бірегей алаңы ретінде қалыптасты. Оның әріптестік желісі кеңейіп, діни бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығы нығая түсті. — Осыған дейін қалыптасқан құндылықтар іргетасы Съездің практикалық мазмұнын кеңейтуге мүмкіндік береді. Яғни құжаттарды бірлесіп әзірлеуге, әріптестікті нығайтуға және нақты жобаларды іске асыруға жол ашады, — деді Вице-Президент. Бұл — қарулы қақтығыстар, гуманитарлық дағдарыстар, радикалды идеялар мен өшпенділік белгілері белең алып, климаттық және технологиялық сын-қатерлер күшейе түскен қазіргі кезеңде айрықша өзекті міндет. Мұндай жағдайда рухани дипломатия саяси келіссөздерді толықтырып, өзара байланыс арналарын сақтауға және сенімді қалпына келтіруге ықпал етеді. Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Съезд аясында діндердің бітімгерлік әлеуетін біріктіріп, рухани дипломатияға нақты халықаралық сипат беруге бағытталған Жаһандық бейбітшілік қозғалысын қалыптастыру жөніндегі бастамасына арнайы тоқталды. Отырыс соңында 2025 жылғы Астана бейбітшілік декларациясын дамыту мақсатында әзірленген екі халықаралық құжат қабылданды. Олар — «Климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі діндердің рөлі» және «Діни салада жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық кодексі». Бірінші құжат экологиялық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған және қоршаған ортаға қамқорлық пен азаматтық жауапкершілікті ұштастыратын Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасының философиясымен үндеседі. Этикалық кодекс Президенттің жасанды интеллектіні дамыту этикасы жөніндегі Дінаралық комиссия құруды және алгоритмдерге арналған әмбебап «өсиеттерді» әзірлеуді көздейтін бастамасын одан әрі ілгерілетеді. Құжат технологияларды жауапкершілікпен қолдануға шақырады әрі діни мәтіндерді бұрмалауға, цифрлық жалған контент әзірлеуге, кемсітушілікке және адамдардың сеніміне манипуляция жасауға тосқауыл қоюға арналған. Сондай-ақ Қазақстан мен Қасиетті Тақтың бірлескен бастамасы — «Айықпас дертке шалдыққан балалардың құқықтары хартиясы» таныстырылды. Құжатты әзірлеуге «Бамбино Джезу» ауруханасының сарапшылары атсалысты. Хатшылық Хартияға қатысты жұмысты одан әрі жалғастыруды қолдады. «Астана бейбітшілік декларациясы — 2025» құжатын іске асыру аясында Хатшылыққа серіктестермен бірлесіп, Жаһандық бейбітшілік қозғалысының тұжырымдамасы мен оны қалыптастыру және халықаралық деңгейде ілгерілетудің кезең-кезеңімен іске асырылатын жоспарын әзірлеу тапсырылды. — Съездің беделі қабылданған шешімдердің халықаралық бастамаларда көрініс тауып, қаншалықты тыңғылықты түрде жүзеге асырылатынына және бейбітшілік пен сенімді нығайтуға қызмет ететініне байланысты болмақ, — деді Ерлан Қарин. Отырыс аясында Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Мұсылман ақсақалдары кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесу барысында Вице-Президент Кеңес Съездің маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтіп, форум қызметін қолдағаны үшін алғыс айтты. Сондай-ақ Кеңестің Адамзат бауырластығы туралы құжатты ілгерілетуге, климат және жасанды интеллект этикасы жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қосқан үлесі айтылды. БАӘ Толеранттылық және бейбіт өмір сүру министрлігінің Бас директоры Афра Мұхаммед Әл-Сабримен кездесуде өзара іс-қимыл әлеуеті талқыланды. Оның Съезд жұмысына сіңірген еңбегіне және толеранттылық пен бейбіт өмір сүру құндылықтарын ілгерілетудің маңызына баса назар аударылды. Сонымен қатар Қытайдың буддистік және даостық ұйымдарының өкілдері Цю Шуанмен, Сунь Сяомен кездесу өтті. Кездесу барысында олардың Съезд жұмысына қатысуы және дінаралық диалогты дамытуға қосқан үлесі талқыланды.
Фото: Ақорда

- وسىعان دەيىن قالىپتاسقان قۇندىلىقتار ىرگەتاسى سەزدىڭ پراكتيكالىق مازمۇنىن كەڭەيتۋگە مۇمكىندىك بەرەدى. قۇجاتتاردى بىرلەسىپ ازىرلەۋگە، ارىپتەستىكتى نىعايتۋعا جانە ناقتى جوبالاردى ىسكە اسىرۋعا جول اشادى، - دەدى ۆيتسە-پرەزيدەنت.

بۇل - قارۋلى قاقتىعىستار، گۋمانيتارلىق داعدارىستار، راديكالدى يدەيالار مەن وشپەندىلىك بەلگىلەرى بەلەڭ الىپ، كليماتتىق جانە تەحنولوگيالىق سىن-قاتەرلەر كۇشەيە تۇسكەن قازىرگى كەزەڭدە ايرىقشا وزەكتى مىندەت. مۇنداي جاعدايدا رۋحاني ديپلوماتيا ساياسي كەلىسسوزدەردى تولىقتىرىپ، ءوزارا بايلانىس ارنالارىن ساقتاۋعا جانە سەنىمدى قالپىنا كەلتىرۋگە ىقپال ەتەدى.

Вице-Президент Ерлан Қарин Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысына қатысты Астанада Қазақстан Республикасының Вице-Президенті — Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Ерлан Қариннің төрағалығымен Хатшылықтың XXIV отырысы өтті. Оның жұмысына 20 елден келген әлемдік және дәстүрлі діндердің, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың 30-дан астам беделді өкілі қатысты. Ерлан Қарин бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім, адамды құрметтеу сияқты конституциялық құндылықтар Қазақстанның даму бағдарын айқындайтын маңызды қағидаттар екенін, мұның Съезд миссиясымен үндесетінін атап өтті. Осы ұстанымдарға арқа сүйей отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен еліміз теңгерімді және бейбіт сипатта дәйекті сыртқы саясат жүргізіп келеді. Съезд осы жылдар ішінде дінаралық диалогтың бірегей алаңы ретінде қалыптасты. Оның әріптестік желісі кеңейіп, діни бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығы нығая түсті. — Осыған дейін қалыптасқан құндылықтар іргетасы Съездің практикалық мазмұнын кеңейтуге мүмкіндік береді. Яғни құжаттарды бірлесіп әзірлеуге, әріптестікті нығайтуға және нақты жобаларды іске асыруға жол ашады, — деді Вице-Президент. Бұл — қарулы қақтығыстар, гуманитарлық дағдарыстар, радикалды идеялар мен өшпенділік белгілері белең алып, климаттық және технологиялық сын-қатерлер күшейе түскен қазіргі кезеңде айрықша өзекті міндет. Мұндай жағдайда рухани дипломатия саяси келіссөздерді толықтырып, өзара байланыс арналарын сақтауға және сенімді қалпына келтіруге ықпал етеді. Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Съезд аясында діндердің бітімгерлік әлеуетін біріктіріп, рухани дипломатияға нақты халықаралық сипат беруге бағытталған Жаһандық бейбітшілік қозғалысын қалыптастыру жөніндегі бастамасына арнайы тоқталды. Отырыс соңында 2025 жылғы Астана бейбітшілік декларациясын дамыту мақсатында әзірленген екі халықаралық құжат қабылданды. Олар — «Климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі діндердің рөлі» және «Діни салада жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық кодексі». Бірінші құжат экологиялық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған және қоршаған ортаға қамқорлық пен азаматтық жауапкершілікті ұштастыратын Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасының философиясымен үндеседі. Этикалық кодекс Президенттің жасанды интеллектіні дамыту этикасы жөніндегі Дінаралық комиссия құруды және алгоритмдерге арналған әмбебап «өсиеттерді» әзірлеуді көздейтін бастамасын одан әрі ілгерілетеді. Құжат технологияларды жауапкершілікпен қолдануға шақырады әрі діни мәтіндерді бұрмалауға, цифрлық жалған контент әзірлеуге, кемсітушілікке және адамдардың сеніміне манипуляция жасауға тосқауыл қоюға арналған. Сондай-ақ Қазақстан мен Қасиетті Тақтың бірлескен бастамасы — «Айықпас дертке шалдыққан балалардың құқықтары хартиясы» таныстырылды. Құжатты әзірлеуге «Бамбино Джезу» ауруханасының сарапшылары атсалысты. Хатшылық Хартияға қатысты жұмысты одан әрі жалғастыруды қолдады. «Астана бейбітшілік декларациясы — 2025» құжатын іске асыру аясында Хатшылыққа серіктестермен бірлесіп, Жаһандық бейбітшілік қозғалысының тұжырымдамасы мен оны қалыптастыру және халықаралық деңгейде ілгерілетудің кезең-кезеңімен іске асырылатын жоспарын әзірлеу тапсырылды. — Съездің беделі қабылданған шешімдердің халықаралық бастамаларда көрініс тауып, қаншалықты тыңғылықты түрде жүзеге асырылатынына және бейбітшілік пен сенімді нығайтуға қызмет ететініне байланысты болмақ, — деді Ерлан Қарин. Отырыс аясында Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Мұсылман ақсақалдары кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесу барысында Вице-Президент Кеңес Съездің маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтіп, форум қызметін қолдағаны үшін алғыс айтты. Сондай-ақ Кеңестің Адамзат бауырластығы туралы құжатты ілгерілетуге, климат және жасанды интеллект этикасы жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қосқан үлесі айтылды. БАӘ Толеранттылық және бейбіт өмір сүру министрлігінің Бас директоры Афра Мұхаммед Әл-Сабримен кездесуде өзара іс-қимыл әлеуеті талқыланды. Оның Съезд жұмысына сіңірген еңбегіне және толеранттылық пен бейбіт өмір сүру құндылықтарын ілгерілетудің маңызына баса назар аударылды. Сонымен қатар Қытайдың буддистік және даостық ұйымдарының өкілдері Цю Шуанмен, Сунь Сяомен кездесу өтті. Кездесу барысында олардың Съезд жұмысына қатысуы және дінаралық диалогты дамытуға қосқан үлесі талқыланды.
Фото: Ақорда

ەرلان قارين مەملەكەت باسشىسىنىڭ سەزد اياسىندا دىندەردىڭ بىتىمگەرلىك الەۋەتىن بىرىكتىرىپ، رۋحاني ديپلوماتياعا ناقتى حالىقارالىق سيپات بەرۋگە باعىتتالعان جاھاندىق بەيبىتشىلىك قوزعالىسىن قالىپتاستىرۋ جونىندەگى باستاماسىنا ارنايى توقتالدى.

وتىرىس سوڭىندا 2025-جىلعى استانا بەيبىتشىلىك دەكلاراتسياسىن دامىتۋ ماقساتىندا ازىرلەنگەن ەكى حالىقارالىق قۇجات قابىلداندى. ولار - «كليماتتىڭ وزگەرۋىنە قارسى كۇرەستەگى دىندەردىڭ ءرولى» جانە «ءدىني سالادا جاساندى ينتەللەكتىنى پايدالانۋدىڭ ەتيكالىق كودەكسى».

ءبىرىنشى قۇجات ەكولوگيالىق جاۋاپكەرشىلىكتى نىعايتۋعا باعىتتالعان جانە قورشاعان ورتاعا قامقورلىق پەن ازاماتتىق جاۋاپكەرشىلىكتى ۇشتاستىراتىن مەملەكەت باسشىسىنىڭ «تازا قازاقستان» باعدارلاماسىنىڭ فيلوسوفياسىمەن ۇندەسەدى.

ەتيكالىق كودەكس پرەزيدەنتتىڭ جاساندى ينتەللەكتىنى دامىتۋ ەتيكاسى جونىندەگى ءدىنارالىق كوميسسيا قۇرۋدى جانە الگوريتمدەرگە ارنالعان امبەباپ «وسيەتتەردى» ازىرلەۋدى كوزدەيتىن باستاماسىن ودان ءارى ىلگەرىلەتەدى. قۇجات تەحنولوگيالاردى جاۋاپكەرشىلىكپەن قولدانۋعا شاقىرادى ءارى ءدىني ماتىندەردى بۇرمالاۋعا، سيفرلىق جالعان كونتەنت ازىرلەۋگە، كەمسىتۋشىلىككە جانە ادامداردىڭ سەنىمىنە مانيپۋلياتسيا جاساۋعا توسقاۋىل قويۋعا ارنالعان.

سونداي-اق قازاقستان مەن قاسيەتتى تاقتىڭ بىرلەسكەن باستاماسى - «ايىقپاس دەرتكە شالدىققان بالالاردىڭ قۇقىقتارى حارتياسى» تانىستىرىلدى. قۇجاتتى ازىرلەۋگە «بامبينو دجەزۋ» اۋرۋحاناسىنىڭ ساراپشىلارى اتسالىستى. حاتشىلىق حارتياعا قاتىستى جۇمىستى ودان ءارى جالعاستىرۋدى قولدادى.

Съезд лидеров мировых и традиционных религий принял документы по климату и ИИ
Фото: Акорда

«استانا بەيبىتشىلىك دەكلاراتسياسى - 2025» قۇجاتىن ىسكە اسىرۋ اياسىندا حاتشىلىققا سەرىكتەستەرمەن بىرلەسىپ، جاھاندىق بەيبىتشىلىك قوزعالىسىنىڭ تۇجىرىمداماسى مەن ونى قالىپتاستىرۋ جانە حالىقارالىق دەڭگەيدە ىلگەرىلەتۋدىڭ كەزەڭ-كەزەڭىمەن ىسكە اسىرىلاتىن جوسپارىن ازىرلەۋ تاپسىرىلدى.

- سەزدىڭ بەدەلى قابىلدانعان شەشىمدەردىڭ حالىقارالىق باستامالاردا كورىنىس تاۋىپ، قانشالىقتى تىڭعىلىقتى تۇردە جۇزەگە اسىرىلاتىنىنا جانە بەيبىتشىلىك پەن سەنىمدى نىعايتۋعا قىزمەت ەتەتىنىنە بايلانىستى بولماق، - دەدى ەرلان قارين.

وتىرىس اياسىندا ەرلان قارين ءبىرقاتار ەكىجاقتى كەزدەسۋ وتكىزدى.

مۇسىلمان اقساقالدارى كەڭەسىنىڭ باس حاتشىسى مۇحاممەد ابدەلسالاممەن كەزدەسۋ بارىسىندا ۆيتسە-پرەزيدەنت كەڭەس سەزدىڭ ماڭىزدى سەرىكتەستەرىنىڭ ءبىرى ەكەنىن اتاپ ءوتىپ، فورۋم قىزمەتىن قولداعانى ءۇشىن العىس ايتتى. سونداي-اق كەڭەستىڭ ادامزات باۋىرلاستىعى تۋرالى قۇجاتتى ىلگەرىلەتۋگە، كليمات جانە جاساندى ينتەللەكت ەتيكاسى جونىندەگى قۇجاتتاردى ازىرلەۋگە قوسقان ۇلەسى ايتىلدى.

ب ا ءا تولەرانتتىلىق جانە بەيبىت ءومىر ءسۇرۋ مينيسترلىگىنىڭ باس ديرەكتورى افرا مۇحاممەد ءال-سابريمەن كەزدەسۋدە ءوزارا ءىس-قيمىل الەۋەتى تالقىلاندى. ونىڭ سەزد جۇمىسىنا سىڭىرگەن ەڭبەگىنە جانە تولەرانتتىلىق پەن بەيبىت ءومىر ءسۇرۋ قۇندىلىقتارىن ىلگەرىلەتۋدىڭ ماڭىزىنا باسا نازار اۋدارىلدى.

سونىمەن قاتار قىتايدىڭ بۋدديستىك جانە داوستىق ۇيىمدارىنىڭ وكىلدەرى سيۋ شۋانمەن، سۋن سياومەن كەزدەسۋ ءوتتى. كەزدەسۋ بارىسىندا ولاردىڭ سەزد جۇمىسىنا قاتىسۋى جانە ءدىنارالىق ديالوگتى دامىتۋعا قوسقان ۇلەسى تالقىلاندى.

ايتا كەتەلىك ەرلان قارين الەمدىك ءدىني كوشباسشىلارمەن ءبىرقاتار كەزدەسۋ وتكىزگەن ەدى.