قىدىرالى بولمانوۆ استانانىڭ قاق ورتاسىنا كيىز ءۇي پىشىندەس بالالار ويىن الاڭىن قويدى - كەسكىن

ەندى بولمانوۆ جاڭا باستاماسىن بالالاردى قورعاۋ كۇنى ەل نازارىنا ۇسىندى. بۇل تۋرالى Stan.kz حابارلايدى.
ول ەلورداداعى جەرۇيىق الاڭىنا كيىز ءۇي پىشىندەس باتۋت ورناتقان بولمانوۆ مۇندا ەتنو- تير بولاتىنىن دا ايتقان ەدى. بالالار ورناتىلعان ءارتۇرلى ويىن تيرلارىنا تيگىزگەن كەزدە، «بالبالا» ويىنشىقتارى قازاقشا ءان سالادى ەكەن.
ەتنو- ورتالىقتىڭ اشىلۋىنا حالىق كوپ جينالدى. ايتپاقشى بالالار مەرەكەسىنە ۇلگەرۋ ءۇشىن بولمانوۆ سوڭعى كۇندەرى جۇمىس الاڭىندا تۇنەگەنىن ايتتى.
«حالىقارالىق بالالار قورعاۋ كۇنى مەرەكەسى قۇتتى بولسىن! اللا بەرە سالعاندارىمىز باقىتتى دا يماندى، اتا- انالارىنىڭ قۋانىشىنا ءوسسىن! اللانىڭ سۇيىكتى قۇلدارى بولۋدى ءناسىپ ەتكەي! «بالبالا الەمىنىڭ» اشىلۋىنا كەلگەن قوناقتارىمىزدىڭ كوپ بولعانى كوڭىلىمىزدى قۋانتقانىمەنەن، كوپتەگەن كىشكەنتاي بۇلدىرشىندەردى باسىپ كەتە مە ەكەن دەپ قورىققانىمدى جاسىرمايمىن. ءبىر- ەكى بالانى توپتىڭ ورتاسىنا ءوزىم كىرىپ، اياق استىنان الىپ شىعۋىما تۋرا كەلدى. ايتەۋىر امان ەسەنبىز. اللاعا سانسىز ماداق! اشىلدىق- اۋ.. اللا بەرەكەسىن بەرسىن! ورازا قابىل بولسىن! نيەت قابىل بولسىن! سوڭعى كۇندەرى وسىندا تۇنەپ، سارەسىمىزدى وسىندا ءىشىپ، ۇيقىمىزدى جوعالتىپ، ويىم وڭعا، سانام ساققا ءبولىنىپ تۇرعانى كورىنىپ- اق تۇر. كەشىرىم!» - دەيدى قىدىرالى بولمانوۆ.
Халықаралық балалар қорғау күні мерекесі құтты болсын ! Алла бере салғандарымыз бақытты да иманды,ата-аналарының қуанышына өссін ! Алланың сүйікті құлдары болуды нәсіп еткей ! Балбала Әлемінің ашылуына келген қонақтарымыздың көп болғаны көңілімізді қуантқаныменен,көптеген кішкентай бүлдіршіндерді басып кете ме екен деп қорыққанымды жасырмаймын...Бір екі баланы топтың ортасына өзім кіріп,аяқ астынан алып шығуыма тура келді...Әйтеуір аман есенбіз. Аллаға сансыз Мадақ ! Ашылдық-ау.. Алла берекесін берсін ! Ораза қабыл болсын ! Ниет қабыл болсын ! Соңғы күндері осында түнеп,сәресімізді осында ішіп,Ұйқымызды "жоғалтып."ойым онға,санам саққа бөлініп тұрғаны көрініп-ақ тұр...😀 Кешірім !
Балбала брендінің тағы бір жақсы жаңалығы ! Кезінде ҰЛЫТАУ тобы жобасын іске асырып,алты қыр асып,Америка елінің Голливуд қаласынан Бас Жүлде алып келгеннен кейін,Қарақат мектеп-студиясы ақырындап балалар әлеміне алып келді.Тариxымызда болмаған қазақи,қазақша ән салатын,сөйлей алатын Балбала ойыншықтары пайда болды.Одан соң Балбала ойыншықтары бала-бақшаларға арналған,Ғылыми екшелген оқу-әдістемелік кешенге айналды. Дами келе енді балалар ойнай жүріп,киіз үйін сезіну үшін,бала псиxологиясына жағымды әсер беру мақсатында балалар ойын әлемін жасақтау қажет екенін түсіндім...Бұл ойды іске асыру үшін Ұлттық нақышта,киіз үй үлгісінде Батут жасау ойға келді. Бұл дегеніміз Анасының ақ сүтімен бойына тараған руxани "тамырды" нәрлендіру,яғни қоректендіру. Жапондықтар айтпақшы тез деген,-Баяу,-бірақ үзіліссіз....Баланың өсуі де,дамуы да осы процесс...Үзіліссіз өсу....Тоқсан сөздің тобықтай түйіні-Бесігіңді түзесең,берекелі Ел боласың ! Қыдырәлі Болман.😄 Қасиетті оразадағы ниет-тілектеріңіз Қабыл Болсын ! Осыншама идея беріп,,оларды іске асыруға мүмкіндік беруші мейірімді Аллаға сансыз Мадақ ! Сіздердің де,біздердің де Алла бере салғандарымыз Бақытты да Ғұмырлы болғай !